«Аitas KZ» АҚ

«Аitas KZ» АҚ- кәсіпорындар тобы үшін басқарушы компания болып табылады. Топ құрамына мыналар кіреді: «Өскемен Құс фабрикасы» АҚ, «Айтас-ЕӨ» ЖШС, «Aitas meat distribution» ЖШС, «ЗАЩИТА УБА» ЖШС, «Макинск Құс фабрикасы» ЖШС, «Макинск құрама жем зауыты» ЖШС, «Айтас-Энерго» ЖШС, «Тірі Жер» Корпоративтік Экологоиялық Қоры, «Сарыарқа» құрылыс корпорациясы» ЖШС.

 «Аitas KZ» АҚ негізгі қызметтері мыналар болып табылады: бизнесті дамытудың стратегиялық бағыттарын құрастыру және іске асыру, негізгі қағидаларды, менеджмент және үдеріс стандарттарын құрастыру,  еншілес компанияларды операциялық басқару, бизнес, қаржы және кадрларды шоғырландыру, профильді емес активтерді әкімшілдендіру, орталықтандырылған мониторинг және оперативті іс-әрекетті бақылау. Компания штаты жоғары кәсіби білікті 60 маманнан тұрады, олар компания тобы аясында жүзеге асырылатын жобаларға қолдау жасайды.

Құрметті пайдаланушылар, мен сіздерді «Aitas» компаниялар тобы сайтында көруге қуаныштымын!

Бұл жерден біздің холдингіміз және оның құрамымына кіретін компаниялар туралы, кәсіпорындардың қалыптасу тарихы, біздің жұмысымыздың қағидаттары мен басым бағыттары туралы ақпараттарды ала аласыз.

Біздің көп салалы бизнесіміздің бастауы болған бірінші компания құрылған сәттен бастап 20-дас астам жыл өтті. Бұл уақыттан бастап көптеген шарықтаулар мен құлаулар болды, қандай да бір компаниялар «Аitas KZ» құрамына кірсе, кейбіреулері керсінше шығып кетті. Бірақ та бұл барлық өзгерістер, тіпті холдингтің де кеңеюі біздің бизнесіміздің Философиясы, Құндылықтары және Мақсаттарының қажеттілігіне  сәйкес анықталды.

Біз әрқашанда бизнесті жақсарту бағытында жұмыс істедік, оның нәтижесінде қоршаған ортаны жақсара түсуіне сенеміз. Біздің тұтынушыларымыздың, қызметкерлеріміздің, әріптестеріміздің қызығушылықтары - біздің күнделікті жұмысымыз бағытталған бағдарлар. Біз күнделікті адамдардың өмірін қалай жақсарта және қызықтыра түсіруге болатындығы жайлы ойлаймыз. Біз үнемі ізденіс үстіндеміз және бұл компанияны жетілдіре түсуге және маңызды мақсаттарға қарай алға жылжытуға ұмтылуға итермелейді.

Бұл бағыттың нәтижелері көзге анық байқалады. Қазір  «Аitas KZ» - тігінен интеграцияланған холдинг, оның аясында құс етін өндіру және өңдеу бойынша компаниялар, өсімдік өсіру кәсіпорындары, дистрибьюторлық компаниялар, сондай-ақ экологиялық және басқа да жобалармен айналысатын компаниялар шоғырланған.

Мен біздің жетістіктерімізді санап көрсетпей-ақ, сіз оларды «Тарих» тарауынан оқи аласыз, бірақ та бір айтарым әрбір күн - бұл болашақ үшін жасалған қадам. Біздің холдингтің қызметкерелері бұны жақсы түсінеді. Сондықтан да «Аitas KZ» ең басты байлығы - әлемді жақсыға өзгертуді қалайтын және өзгертетін адамдар болып табылады!

Құрметпен, Серік Толұқпаев

Қысқаша өмірбаян

Қысқаша өмірбаяны

Толұқпаев Серік Құлұмбекович –«Aitas» компаниялар тобының құрылтайшысы.

1970 жылы 14 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай ауданы Белқарағай ауылында дүниеге келген. 

1992 жылы Қазақстандық ауыл шаруашылығы институтының «Агрохимия және топырақтану» мамандығын бітірді. 2002 жылы «Әділет» Жоғары құқық мектебінде "Құқықтану" мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды.  

Бизнестегі өз мансабын 1993 жылы бастады.

Серік Құлұмбекович 2004 жылдан бастап «Өскемен құс фабрикасы» АҚ акционері болып табылады, ал 2012 жылдың ақпанынан бастап Бас директоры лауазымына тағайындалған.  

Бізге жазыңыз
Тіркелген пайдаланушыларға арналған ену
Жіберілімге жазылу
Тендерлердің жаңа жайғасымын aitas.kz сайтына орналастыру үшін хабарлама алуға арналған электронды мекен-жайыңызды қалтырыңыз