Компания туралы

«Аitas KZ» АҚ- кәсіпорындар тобының басқарушы компаниясы. Топ құрамына мына кәсіпорындар кіреді: «Өскемен Құс фабрикасы» АҚ, «Айтас-ЕӨ» ЖШС, «Aitas meat distribution» ЖШС, «ЗАЩИТА УБА» ЖШС, «Макинск Құс фабрикасы» ЖШС, «Макинск құрама жем зауыты» ЖШС, «Айтас-Энерго» ЖШС, «Тірі Жер» Корпоративтік Экологоиялық Қоры, «Сарыарқа» құрылыс корпорациясы» ЖШС.

 «Аitas KZ» АҚ негізгі қызметтері мыналар болып табылады: бизнесті дамытудың стратегиялық бағыттарын құрастыру және іске асыру, негізгі қағидаларды, менеджмент және үдеріс стандарттарын құрастыру,  еншілес компанияларды операциялық басқару, бизнес, қаржы және кадрларды шоғырландыру, профильді емес активтерді әкімшілдендіру, орталықтандырылған мониторинг және жедел қызметті бақылау. Компания штатында 60 жоғары білікті маман қызмет істейді, олар компаниялар тобы аясында жүзеге асырылатын жобаларға қолдау жасайды.

Компания жаңалықтары
2015 жылы Өскемен құс фабрикасы Қазақстанның болашақ «бәсекеге қабілетті көшбасшылардың» тізіміне енді. Сол жылы ӨҚФ өнімін өндірудің көлемі 22,9 мың тоннаны құраған еді, ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 2,4 мың тоннаға артты. Осындай зор нәтиже, сондай-ақ ет өңдеу бойынша өндіріс көлемдері компанияға 30% өсімді қамтамасыз етті және өткен жылы 14 млрд теңге пайда әкелді. 2017 жылдың алғашқы төрт айында фабрика 8,3 мың тонна дайын өнім шығарды, ет өңдеу бойынша көлемдер 1,8 мың тоннаны құрады.
27 шілде 2017
Бізге жазыңыз
Тіркелген пайдаланушыларға арналған ену
Жіберілімге жазылу
Тендерлердің жаңа жайғасымын aitas.kz сайтына орналастыру үшін хабарлама алуға арналған электронды мекен-жайыңызды қалтырыңыз