Компания туралы

 «Өскемен құсфабрикасы» АҚ - құс өндірісі бойынша Қазақстандағы ірі кәсіпорын болып табылады. 1976 жылы құрылғын құс фабрикасы 40 жыл бойы тұтынушыларды жоғары сапалы өнімдер жиынтығымен қамтамасыз етіп келеді.

 

Компанияның нарықтағы үлесі 24 пайызды құрайды. Қазіргі уақытта Өскемен құс фабрикасы - бұл аяқталған технологиялық тізбегі бар өндіріс - ата-аналық өрісті өсіруден бастап дайын өнімді қаптауға дейінгі өндірістер тізбегінен тұрады. Бұл бағыт барлық үдерісті бақылауға мүмкіндік береді және осылайша, тұтынушылар сенімінің негізгі факторы - сапа тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

 

2009 жылы құс фабрикасы базасында құс етін өңдеу бойынша жаңа зауыт іске қосылды, оның жобалық қуаттылығы - сағатына 6000 бас.  Бұл инновациялық жобаны жүзеге асыру нәтижесінде кәсіпорын Қазақстан үшін жап-жаңа өнім түрі «Куc&Вкус» деп аталатын сауда белгілері салқындатылған ет шығару өнідірісін жолға қойды.

 

Өскемен құс фабрикасының өнімдері жиынтығының құрамы 30 мұздатылған өнімдерден, 32 салқындатылған және 14 маринадталған жартылай дайын өнімдерінен құралған.  

 

Құс фабрикасының барлық өнімдері халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Кәсіпорынның сапа менеджменті жүйесі ИСО 9001 және ИСО 22000 стандарттары бойынша сертификатталған. Сонымен бірге Компания тұтынушыларға шығарылатын өнімнің абсолютті экологиялық өнім екендігін кепілдендіретін «ЭКО» белгісін және  «Халал» талаптарына сәйкестілігі туралы куәлігін алған.  2010 жылдың желтоқсанында құс фабрикасы  «Қазақстанның үздік тауарлары» республикалық көрме-сайысында  «Ең үздік азық-түлік өнімі» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. 

 

Дамуға негізгі күшті сала отырып, кәсіпорын алдыңғы қатарлы технологияларды кеңінен қолданып, жаңа өндірістік шеберханалар құрылысына қаржыны инвестициялайды, құрылғыларды жеткізеді және оларды жаңартады. Бірақ та компанияның сәттілігі тек техникалық кеңейтулер және сапалы менеджментке ғана байланысты емес, ең бастысы кәсіпорынның басты құндылығы - кәсіби ұжым болып табылады, ал оның жалпы саны 800 адамнан тұрады.

Компания жаңалықтары
9 тамызда Өскемен құс фабрикасы ата-енелік балапандар мен ата-енелік табынды азықтандыру мәселелерімен консультациялау бойынша әрі қарай ынтымақтастық аясында кәсіпорын басшылығының Alltech компаниясының өкілдерімен кездесуі өтті.
9 тамыз 2017
29 қыркүйекте Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ бағаналар залында «Халықты жұмыспен қамтуға ықпал ету саласындағы Өскемен қаласының ең үздік жұмыс берушісі» сайысының жеңімпаздарын құттықтау салтанаты өтті.
12 қазан 2016
2015 жылдың ақпанында «Байтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ McKinsey Global Institute ынтымақтастықта  «Бәсекелестік көшбасшылары - ұлттық чемпиондары» бағдарламасын іске қосты.
18 мамыр 2016
Тағы жаңалықтар
Біздің өнімдер
Маринованная четвертина цыпленка бройлера в в групповой упаковке
Маринованное крыло цыпленка бройлера в в групповой упаковке
Барлық өнімдерді қарау
Бізге жазыңыз
Тіркелген пайдаланушыларға арналған ену
Жіберілімге жазылу
Тендерлердің жаңа жайғасымын aitas.kz сайтына орналастыру үшін хабарлама алуға арналған электронды мекен-жайыңызды қалтырыңыз