Компания туралы

«Айтас-энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2013 жылы құрылған. 2014 жылы «Ұлан ауданының қаржы бөлімі» ММ 2014 жылғы «06» ақпандағы № 02 Шарт бойынша инженерлік инфрақұрылым нысандарын сенімгерлік басқаруға берді. 2014 жылғы «06» ақпан Кәсіпорыннның өндірістік қызметін бастаған мерзім болып табылады.  

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі  – жылу энергиясын өндіру, жіберу, үлестіру және жабдықтау, магистральді құбырлар мен үлестіру тораптары арқылы су жіберу, ағын суларды бұру және тазалау болып табылады.

Айтас-энерго  - табиғи монополиялар субъектісі болып табылады.

Энергия кәсіпорны қызметтерінің негізгі тұтынушылары – «Өскемен құс фабрикасы» АҚ мен  «Молодежный» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Айтас-энерго құрамына келесі негізгі құрылымдық бөлімшелер кіреді: Жылу цехі (Орталық қазандық) және сумен жабдықтау және кәріз жүйесі цехі, сондай-ақ қосымша бөлімшелер: Автокөлік цехі, Электр шаруашылық учаскесі, БӨҚжА, Әкімшілік-шаруашылық бөлім.

Бүгінгі таңда Айтас-энергода 118 адам қызмет істеуде.

Кәсіпорын директоры – Климов Геннадий Борисович.

Компания жаңалықтары
2014 жылы 6 ақпаны «Айтас-энерго» ЖШС үшін екі оқиғамен атап өтілді.
6 ақпан 2014
Бізге жазыңыз
Тіркелген пайдаланушыларға арналған ену
Жіберілімге жазылу
Тендерлердің жаңа жайғасымын aitas.kz сайтына орналастыру үшін хабарлама алуға арналған электронды мекен-жайыңызды қалтырыңыз