Компания туралы

«Тірі Жер»  Корпоративтік Экологиялық Қоры коммерциялық емес ұйым ретінде 2010 жылы құрылған.

 

Қор құру идеясы болашақ ұрпақтар үшін тірі және сау табиғатты сақтап қалтыру арманымен байланысты. Қор қызметінің мақсаты - тұрғындар арасындағы табиғатқа ұқыптылықпен қарауды насихаттау, сонымен қатар табиғатты қорғау және экологиялық шараларды жүргізу. Атап айтқанда саябақ және орман алаптарын отырғызу, табиғатты қоқыстан тазарту бағдарламасын ұйымдастыру және жүргізу, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және өңдеу. Холдинг компаниялары жыл сайын экологиялық бастамаларды жүзеге асыру үшін ерікті түрде жарналар аударады.

 

2015 жылы Қормен ірі жоба - Қ.Қайсенов кентінде «ӨҚФ ардагерлері саябағы» құрылысы жүзеге асырылды. Жоба құны 65 млн. теңгені құрайды. Жоба мақсаты - ардагерлерге құрмет көрсету: тарихи, экологиялық және эстетикалық құндылығы бар саябақ тұрғызу. Саябақ аумағында көп мөлшердегі ағаштар және бұталар отырғызылған, гүлзарлар салынып, бұталы қоршау, альпы таулары  тұрғызылған.  Су бұрқақ кешені, балалар және спорт құрылғылары орнатылған.

 

2016 жылы «Айтас-ЕӨ» аумағында орналасқан «Aitas» компаниялар тобының қызметкерлері саябағының» құрылысын салу және оны көгалдандыру ісі жоспарланған. Сондай-ақ, «Тірі Жер» Қоры тағы да бір ірі жобасы - «Бәйшешек» отбасылық демалысқа арналған табиғи саябағын» салу жүзеге асуда. Саябақ Өскемен қаласының 20-шы тұрғын ауданында орналасқан.  

Компания жаңалықтары
2015 жылы «Тірі Жер» Корпоративтік Экологиялық Қорымен ірі жоба - Қасым Қайсенов кентінде «Өскемен Құс фабрикасы ардагерлерінің саябағы» құрылысы жүзеге асты.
1 қаңтар 2015
Бізге жазыңыз
Тіркелген пайдаланушыларға арналған ену
Жіберілімге жазылу
Тендерлердің жаңа жайғасымын aitas.kz сайтына орналастыру үшін хабарлама алуға арналған электронды мекен-жайыңызды қалтырыңыз