Компания туралы

«Сарыарқа» Құрылыс корпорациясы» ЖШС - «Aitas-Group» ЖШС нысандарындағы бас мердігер. Кәсіпорын мамандары құс өсіру саласындағы ірі жобаларды жүзеге асырудың мол тәжірибесіне ие болған. Компания тамақ өнеркәсібі нысандарын жобалауда және құрылысында заманауи инженерлік шешімдерді пайдаланатын инновациялық бағыттарды қолданады. Соңғысы Макинск құс фабрикасы құрылысында күрделі климаттық жағдайларда мәселені тиімді шешуге және кәсіпорынды тұрғызуда экологиялық және табиғатты қорғау талаптарының кең жиынтығын қамтуға мүмкіндік береді. Компания 1 категориялы лицензияны иемденеді.

«Сарыарқа» Құрылыс корпорациясы» ЖШС-нің қосалқы мердіргерлері ірі қазақстандық компаниялар болып табылады. Оларды жобаға тарту қосымша жұмыс орындарын құруға және түрлі бағыттағы көптеген мамандардың әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.