Қысқаша сипаттама
2015
Ақмола облысында Қазақстанның ең ірі құс фабрикасы - Макинск құс фабрикасының құрылысы басталды.
2015
«Өскемен Құс фабриксы» АҚ «Қазақстанның бәсекеге қабілетті Көшбасшылары - ұлттық жеңімпаздары» атты 30 кәсіпорын санатына кірді.
2014
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Айтас-ЕӨ» ЖШС болып қайтты.
2013
«Aitas»  компаниялар тобы Қ. Қайсенов кенті және  «Өскемен Құс фабрикасы» АҚ қамтамасыз ететін әлеуметтік нысандарды өз басқармасына біріктірді.
2012
«Айтас-ЕӨ» ЖШС құрылды, құс етін терең өңдеу өндірісі бойынша зауыт құрылысы басталды.
2011
Ауыл шаруашылық өнімдерін өсірумен арнайы мамандандырылған «SIP аgro» ЖШС құрылды.
2010
«Өскемен Құс фабрикасы» АҚ «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық және республикалық көрме-сайысының жеңімпазы болды.
2010
Қазақстан тамақтану академиясының салқындатылған құс етінің пайдалылығы туралы шешімін алуы; халықаралық стандарттары бойынша ИСО 9001 және ИСО 22000 сәйкестілік сертификаттарын және «ЭКО» белгісін алуы.
2010
«Тірі Жер» Корпоративтік Экологиялық Қорының құрылуы. «Бәйшешек» отбасылық демалысқа арналған табиғи саябақ» ірі жобасының негізі қаланды, сондай-ақ Қ.Қайсенов кенті ардагерлер-саябағының құрылысы басталды.
2009
«Өскемен Құсфабрикасы» АҚ сағатына 4000 бас құс етін өңдейтін қазіргі заманғы жаңа зауыт пайдалануға берілді.
2009
«Құc&Вкус» атты жаңа сауда белгісі салқындатылған өнім өндірісі іске қосылды. Өнімнің «Халал» талаптарына сәйкестілігі туралы куәлігі алынды.
2006
«Aitas-Group» ЖШС басқарушы компаниясы құрылды.
2004
Компания ЕРДБ-нен «Өскемен Құс фабрикасы» АҚ 100 % акцияларын сатып алды және оның жалғыз акционері атанды.
2003
«Айтас Сауда» ЖШС «Айтас Дистрибьюшн» ЖШС болып атауы өзгерді. Өнім түрленімдері кеңейтілді.
2002
Шығыс Қазақстан облысы және одан тысқары жерлерде азық-түлік, спирттік және салқындатылған сусындар, шырындар және т.б. көптеп-жекелеп саудалаумен айналысатын «Айтас Сауда» ЖШС құрылды.
2002
Азық түлік өнімдерін жекелеп сату ісімен айналысатын мамандандырылған «Аймар» дүкендер желісі ашылды.
2001
Темекі бұйымдарын көптеп-жекелей саудалау ісімен айналысатын «Айтас Трейдинг» ЖШС құрылды.
1999
Бал және ара шаруашылығы өнімдері өндірісі және оларды іске асырумен айналысушы  «Айтас» ара орталығы» ЖШС құрылды.
1998
«Айтас Ком» пейджинг компаниясы құрылды.
1997
«Aitas» компаниясының Зырян және Риддерде филиалдары ашылды. Тауарлар жиынтығы кеңейтілді.
1996
«Аitas» темекі бұйымдарын саудалайтын компаниясы құрылды.