Қазақстан Даму Банкі «Макинск құс фабрикасы» ЖШС-і үшін кредиттік желіні ашты
16 Сентября 2017
Қазақстан Даму Банкі «Макинск құс фабрикасы» ЖШС-і үшін кредиттік желіні ашты

-Макинск құс фабрикасы құрылысының қаржыландырылуының басталғаны жайлы жариялаймын. Бұл жерде Қазақстанның тамақ индустриясындағы ҚДБ-ның ең ірі инвестициясы туралы ғана сөз болып жатқан жоқ. Бұл жоба еліміздің құс шаруашылығының бүкіл тарихындағы ең ірі инвестициясы болмақ. Жобаның бірінші кезегінің құны – 33,5 млрд теңгені құрайды, оның 16,1 млрд теңгесі ҚДБ қарызы есебінен қаржыландырылады, - деп айтып өтті Астана қаласында сәрсенбі күні өткен баспасөз-конференциясында ҚДБ басқарма төрағасының орынбасары Думан Аубакиров.

Банк Төрағасының орынбасырының берген ақпараты бойынша, жобаны іске асыруды Aitas компаниялар тобы өз қолына алды, бұл компанияның Өскемен құс фабрикасының «Куc&Вкус» брендімен өндірілетін Қазақстан нарығында салқындатылған құс етін өндіру мен өткізуде зор тәжірибесі бар.

Макинск құс фабрикасының жобалық қуаттылығы тірі салмақта 60 мың тонна өнімді құрайды. Жылына 30 мың тонна бройлер қуаттылығымен фабриканың бірінші кезегін іске қосу 2018 жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған.

-Фабриканың алғашқы өнімі Астана, Қарағанды, Қазақстанның солтүстігіндегі дүкен сөрелеріне 2018 жылдың қазан айында келеді. біздің негізгі өніміміз – салқындатылған құс еті, - деп атап өтті Aitas компаниялар тобының құрылтайшысыСерік Толукпаев.

Бірінші кезек әрқайсысында 12 құс қорасы бар бройлерлер өсіру бойынша төрт алаңның, инкубатордың, құс етін өңдеу бойынша зауттың іске қосылуын көздейді. Екінші кезек 2020 жылы іске қосылатын болады және өз ішінде қосымша төрт алаңдағы 48 құс қораның құрылысын қамтиды, сәйкесінше, кәсіпорын қуаттылығы жылына тірі салмақпен 60 мың тонна өнімге дейін ұлғаятын болады.

Жобаға инвестициялардың жалпы сомасы, Aitas құрылтайшысының сөзіне қарағанда, фабрика үшін инфрақұрылымды салуға мемлекеттік инфестицияларды қоса есептегенде, 47 млрд теңгеге жетеді.

Жоба Қазақстанға құс етінің импортын едәуір қысқарту үшін жасалуда. Толукпаевтың есептеулері бойынша, бүгінгі күні елімізге шамамен 150 мың тонна импорттық құс еті әкелінеді.

-Макинск құс фабрикасы өндіретін 60 мың тонна әкелінетін импорттық құс етінің көлемін үштен бір бөлігіне «төмендетуге» жол береді, - деп атап өтті ол.

Қазірдің өзінде компанияда өнімнің экспорты жайлы ойластыруда. Сөйтіп, өткізудің тағы бір ықтималды нарығы көрші Ресей мемлекеті болуы мүмкін.

- Екінші кезекті іске қосқаннан кейін – бұл 2020 жыл, менің ойымша, біздің қолымыз ресейлік нарыққа әбден жетуі мүмкін. Егер ресейлік нарық туралы айтатын болсақ, айына 500 тоннадан аз өндіру – бұл дұрыс емес. Сондықтан, 2020 жыл біздің бұған қолымызды жеткізуге, яғни мен айтқан көлемдерге қол жеткізуге мүмкіндік береді дегенге зор сеніммен қараймын, - деп айтты спикер.

Макинск құс фабрикасының бәсекелік басымдықтардың бірі – сапа және баға.

-Біз бүгін дүкен сөрелерінде су араласқан мұздатылған өнімдерді көріп жатамыз. Мен айтып өткендей, Макинск құс фабрикасының негізгі өнімі – салқындатылған өнім. Әрине, оның суы болмайды және де тұтынушыға дәл осы өнімді сатып алған әлдеқайда тиімді болады, өйткені ол таза, дәмді, әрі жаңа өндірілген, - деп есептейді компания Құрылтайшысы.

Өндірістің биоқауіпсіздік пен экологиялылық талаптарын сақтау мақсатында кәсіпорында инкубациялық өндіріс, құсты сою және ет-сүйек ұнының өндірісі кезеңдерінде жоғары технологиялық энергияны үнемдейтін жабдық пайдаланылатын болады.

Өнімнің өзіндік құнын сондай-ақ өндірісте жаңа технологиялардың пайдаланылуы, өнімді жеткізуге шығындарды төмендету есебінен ағымдағы құнынан 6-7%-ға арзандату жоспарланған.

Одан басқа, жоба Макинскіде шамамен мыңдаған жұмыс орнын ашады, облыс бюджетіне кәсіпорыннан түсімдердің мөлшері бірінші кезекте 1 млрд теңге, екінші кезекте – 2 млрд теңге деңгейінде болады деп күтілуде.