«Өскемен құс фабрикасы» АҚ тиімділіктің ең жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізді
1 Декабря 2018
«Өскемен құс фабрикасы» АҚ тиімділіктің ең жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізді

«Өскемен құс фабрикасы» АҚ – Қазақстанда құс етін өндіретін ең ірі кәсіпорындардың бірі. Құс фабрикасы екі жыл бұрын кросс 308 – аталық-аналық топ және бройлерлер көрсеткіштері бойынша ең теңгерімді кросқа ауысты.

Осы жылы бройлер цехының табанды, әрі талапкер командасы Росс 400* Клубының екі шыңын бағындырды. 2018 жылы жазда бірінші жетістік – 130 мыңнан астам топта тиімділік индексі 408 тармақты құрады.

Табыспен шабыттанып, ӨКФ мамандары Клубтың Алтын деңгейіне қол жеткізуге шешім қабылданды. Үш ай өткеннен кейін ӨҚФ командасына 427 тиімділік индексіне қол жеткізгені үшін Алтын сертификат берілді!

Алаңдардың қарқынды нәтижелері бройлер өндірісінің бас технологы Әлия Болатханның жоғары кәсіби деңгейінің арқасында мүмкін болды. Оның командасы күн сайын жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін табанды еңбек етіп келеді, күрт құбылмалы климат жағдайларында құс өсіру қиындықтарын жеңіп, алға қойған мақсаттарына бағыт алды.

Сертификатты табыстау кезінде «Өскемен құс фабрикасы» АҚ бройлер өндірісінің бас технологы Әлия Болатхан: «Біз Росс 400 Клубына кіруге өте қуаныштымыз. Осыдан бірнеше жыл бұрын мұндай нәтижелер біз үшін қол жеткізілмейтіндей көрінетін. Росс құстарымен біз жақында жұмыс істеуді бастадық, ірақ оның жоғары генетикалық әлеуетіне көз жеткізіп үлгердік. Біздің үйренеріміз әлі көп, бірақ біз әріптестерімен бірге өсуге және дамуға әрқашан дайынбыз. Мен біздің бірлескен ұжымға нәтижелерді ұдайы жақсартуға бағытталған адал жұмысы үшін алғыс айтамын. Бұл – біздің ортақ жеңісіміз», - деп атап өтті.

Марина Черекаева, «Авиаген» ЖШҚ өкілі: «Өскемен құс фабрикасының осындай жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуі біз үшін өте маңызды, өйткені кәсіпорын біздің құстармен салыстырмалы түрде жақында жұмыс істей бастады, ал бір кростан екіншісіне жылдам ауысу, осы құстың әлеуетіне қол жеткізу үшін басқаша жұмыс істеуді бастау әрдайым оңай бола бермейді. Компания мамандары өз жұмысына мұқият қарайды, біздің барлық ұсыныстарымызды сақтайды, сондықтан олар алдарына қойған міндеттер, оның ішінде 450 және одан жоғары индексті алу – орындалуы әбден мүмкін. Біз әрқашан оларға көмектесуге дайынбыз», - деп толықтырды.