Қысқаша сипаттама
2018
Макинск құс фабрикасының бірінші кезегі сәтті іске қосылды, қуаттылығы жылына 25 000 тонна құс еті

«Айтас-ЕӨ» АҚ ет өңдеу зауытының жылына 12 000 тонна жобалық қуаттылығына дейін жаңғыртылуы аяқталды

Шығыс Қазақстан облысында егістік алаңын 12 000 га-дан 16 200 га дейін кеңейту туралы шешім қабылданды, қосымша жерлер сатып алынды. Aitas agro дәнді дақылдар өнімділігін, 2017 жылмен салыстырғанда, 40% арттырды. Техника паркі жаңартылды

«Aitas» компаниялар тобының қызметкерлері жаңа әлемдік рекорд орнатты, олар құс етінен ең үлкен кәуап әзірледі. Рекорд Гиннес рекордтар кітабына енгізілді
2017
Макинск құс фабрикасы жобасын іске асыру мақсатында Aitas LUX «BVF» АҚ және Еуропа Қайта құру және Даму банкінің жарғылық капиталына кірді

Макинск құс фабрикасының бірінші кезегін іске асыру үшін «Қазақстанның Даму банкі» АҚ-ден кредит алынды
2016
«Защита Уба» ЖШС таза кіріске шықты. Агробағытты дамытудың 2020 жылға дейінгі орта мерзімді стратегиясы әзірленді, басымдықтары айқындалды. Өндірісті ұйымдастыруды жақсарту және егін шаруашылығы мәдениетін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, ауыспалы егіске бидай орнына соя мен жүгеріні енгізу жоспарлануда    

«Айтас-ЕӨ» ЖШС-і өнім ассортиментін 100 атауға дейін кеңейтті  

2015
Ақмола облысының Бұланды ауданында Макинск құс фабрикасының құрылысы басталды. Жобаны іске асыру құны 40 млрд теңге, бұл аталмыш салада ең ірі инвестициялық жоба болып табылады  

«ӨҚФ» АҚ «Бәйтерех» ҰБХ «Қазақстанның бәсекеге қабілетті көшбасшылары – ұлттық чемпиондар» ТОП-30 кәсіпорындар қатарына кірді

«ӨҚФ» АҚ Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша 25 «Қазақстанның қарқынды дамып жатқан кәсіпорындары» қатарына кірді

«Айтас-ЕӨ» ЖШС операциялық кіріске шықты. Зауыт ет және шұжық өнімдерінің 70 жуық түрін шығарады, тәулігіне шамамен 10 тонна өнім өндіреді  

«ӨҚФ» АҚ және «Айтас-ЕӨ» АҚ өнімдерін өткізу үшін «Aitas Meat Distribution» ЖШС-і құрылды  

«Сарыарқа» құрылыс корпорациясы» ЖШС-і – Макинск құс фабрикасы жобасының бас мердігері құрылды  
2014
«Айтас-ЕӨ» ЖШС-нің EBITDA бойынша таза кіріске шығуы. Тәулігіне 20  тонна өнім шығарады. Шикізатты, материалдарды және дайын өнімді қадағалау мен есепке алу жүйесі енгізілген және сәтті жұмыс істеуде  

«Aitas agro» егістіктерінде дақылдарды өсірудің төрт танапты жүйесі қолданылуда. Техника паркін жаңарту жалғастырылуда, тракторлар, тұқым сепкіш және Kverneland минералды тыңайтқыштарды шашқышы, автоматтандырылған электрондық таразы сатып алынды  

Қазақстан Республикасы Президентінің Шығыс Қазақстан облысына ресми сапары аясында облыстағы жаңашыл кәсіпорындардың бірі – «Айтас-ЕӨ» ет өңдеу зауытына келуі ұйымдастырылды  
2013
Өскемен құс фабрикасын қайта құру нәтижесінде кәсіпорын қуаттылығы жылына 12 000-нан 20 000 тонна құс етіне дейін ұлғайтылды  

Шығыс Қазақстан облысында «Айтас-ЕӨ» ЖШС – ет өңдейтін зауыттың ашылуы, ол «АМП», «Царская птица» және «Кус-Вкус» брендімен шұжықтардың 70 түрін және жартылай дайын өнімдерді шығарады

«Aitas» компаниялар тобының агробағыты үшін («Aitas agro») техника паркінің жаңғыртылуы жүргізілді, Challenger бүркуіші, автомобиль, комбайн және басқа да техника сатып алынды. Бидай кептіру орнының құрылысы басталды, жобаның құны шамамен 260 млн. теңге    

Ұлан ауданының инженерлік инфрақұрылымын сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру және Өскемен құс фабрикасы мен Қ.Қайсенов кентінің коммуналдық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін «Айтас-Энерго» ЖШС-ін құру  
2012
Өскемен құс фабрикасы инфрақұрылымының жаңғыртылуы жүргізілді. Өңдеу бойынша зауытты жаңғырту нәтижесінде сою желісінің қуаттылығы сағатына 4 000-нан 6 000-ға дейін ұлғайтылды  

«Aitas» компаниялар тобының агробағыты үшін («Aitas agro») техника паркінің ішінара жаңғыртылуы жүргізілді

«Айтас-ЕӨ» АҚ құрылды, Қазақстанның шығысында құс етін терең өңдеу бойынша зауыт құрылысы басталды  
2011
«Aitas» компаниялар тобы құс етін өндіруге ерекше назар аудара бастады, осыған орай,  «SOYUZ INTER PRODUCT» ЖШС сатылды

Шығыс Қазақстан облысының 16 000 га аумағында дәнді дақылдар және майлы дақылдарды өндіру және өңдеу үшін «Защита Уба» ЖШС тұлғасында «Aitas agro» агробағыты құрылды  
2010
Өскемен құс фабрикасы Қазақ тағамтану академиясынан тоңазытылған құс етінің пайдасы туралы қорытындыны алды, дәл сол кезеңде кәсіпорынның сапа менеджменті жүйесі ISO 9001 және ISO 22000 стандарттары бойынша сертификатталды. Сонымен қатар, компания «ЭКО» белгісін иеленді, бұл белгі тұтынушыларға өндірілетін өнімнің түгелдей экологиялық таза екеніне кепіл береді  

«Aitas» компаниялар тобының әлеуметтік жобаларын іске асыру үшін «Тірі Жер» Корпоративтік Экологиялық Қор құрылды. Сол жылы алғашқы жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар басталды. Қасым Қайсенов кентінде Өскемен құс фабрикасы ардагерлер саябағының құрылысы басталды          

Жыл қорытындысы бойынша «Кус&Вкус» брендімен «ӨҚФ» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің «АЛТЫН САПА» сыйлығының иегері және «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ» көрме-байқауының «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымында жеңімпаз атанды      
2009
Өскемен құс фабрикасында құс етін өңдеу бойынша жаңа зауыт іске қосылды, жобалық қуаттылығы сағатына 4 000 бас  

Қазақстан үшін жаңа өнімнің өндірісі басталды – «Кус&Вкус» брендімен тоңазытылған құс еті    
2008
Өскемен құс фабрикасы – Қазақстан Республикасында құс етін өндіру бойынша ең ірі кәсіпорын. Қазақстан аумағындағы өндірушілер арасында құс етінің нарығындағы үлесі 24% астамды құрайды  
2006
Өскемен құс фабрикасында құс етін өңдеу бойынша жаңа зауыт іске қосылды, жобалық қуаттылығы сағатына 4 000 бас  

Қазақстан үшін жаңа өнімнің өндірісі басталды – «Кус&Вкус» брендімен тоңазытылған құс еті    
2004
Еуропа Қайта құру және Даму Банкінен «ӨҚФ» (Өскемен құс фабрикасы) АҚ-ның 100% акциясы сатып алынды  
2002
«Aitas Сауда» ЖШС-нің құрылуы, ол Қазақстан аумағында тамақ өнімдерінің және сусындардың көтерме-бөлшек саудасымен айналысады. 2007 жылы компания атауы «SOYUZ INTER PRODUCT» ЖШС деп өзгертілді    
2001
Темекі өнімдерінің көтерме-бөлшек саудасымен айналысатын «Aitas Trading» ЖШС құрылды  
1997
Зыряновск және Риддерде компания филиалдары ашылды. Өнім ассортименті кеңейтілді  
1996
Шығыс Қазақстан облысы аумағында темекі өнімдерін сату бойынша «Aitas» компаниясы құрылды