30.10.2023

Өскемен құс фабрикасының өнімі қауіпсіз және тұтынуға болады – AITAS холдингінің ресми мәлімдемесі

Бұқаралық ақпарат құралдарында таралған Өскемен құс фабрикасының (ӨҚФ) өнімдерінде «бактерия табылуы» туралы ақпаратқа байланысты AITAS холдингі (оның құрамына Өскемен құс фабрикасы кіреді) келесіні мәлімдейді.

Ресей Федерациясы Федералды қызметінің Алтай өңірі және Алтай Республикасындағы ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау басқармасының ақпараттық хабарламасында былай делінген: «Құс етінде («Өскемен құс фабрикасы» АҚ Қазақстан Республикасы өндірісі) листерияның (Listeria monocytologenes) табылуына байланысты, 2023 жылдың қазан айында Кедендік одақ Тізіміндегі кәсіподақ мәртебесі «күшейтілген зертханалық бақылау» болып өзгертілді».

AITAS холдингі бактерияның бұл табылуы – 2022 жылғы оқиға екенін нақтылайды. Сол кезде Ресей Федерациясының салалық қызметтері бактерия тауып, осыдан кейін ӨҚФ өнімдерінің Ресейге экспортталуына тыйым салған болатын.

2023 жылдың қазан айында бірқатар қайталама тексерістен кейін Россельхознадзор ӨҚФ өнімдеріне қатысты шектеуді алып тастап, тауардың Ресей аумағына кіруіне рұқсат берді. Осыған байланысты Кедендік одақ тізіміндегі ӨҚФ мәртебесі «Уақытша шектеу қойылғаннан» (бұл мәртебеде компания 2022 жылдың күзінен бері болып келді) «Күшейтілген зертханалық бақылау» болып өзгертілді. Бұл кәсіпорын өнімдерін Ресей аумағына кіргізуге рұқсат етілгенін, тек экспорт барысында қосымша сынама алынып отырылатынын білдіреді.

Осылайша, AITAS холдингі 2023 жылдың қазан айында ӨҚФ өнімдерінде ешқандай бактерия табылмағанын, Россельхознадзордың тыйымды алып тастап, күшейтілген зертханалық бақылаумен ӨҚФ өнімдерін Ресейге кіргізуге рұқсат еткенін ресми түрде мәлімдейді.

Өскемен құс фабрикасы – Қазақстандағы құс етін өндірудегі ең ірі кәсіпорындардың бірі. дегі ең ірі кәсіпорындардың бірі. 45 жылдан астам уақыт бойы фабрика тұтынушылардың сапасы жоғары түрлі өніммен қамтамасыз етіп келеді. Кәсіпорында халықаралық стандарттарға сай заманауи технологиялық құрал-жабдық қолданылады. Өндіріс «Халал» стандарттарына сәйкес жүреді. Өскемен құс фабрикасы талабы жоғары аудиттерден тұрақты өтіп тұрады және «ИСО 22000:2018», «KFC», МС 1500-2009 «ХАЛАЛ», № 000440 «ХАЛАЛ ДАМУ» сертификаттарына ие. 

 

 

Тогжан Калиаскарова-Мусирова, +77012214663
togzhan.mussirova@aitas.kz